Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Маусым, 2024

Анна Данилина Италиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткалары А.Данилина - ресейлік Ирина Хромачева жартылай финалда тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева - португалиялық Франчиска Хорхемен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағат 5 минутқа созылған матчта 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Анна Данилина - Ирина Хромачеваның финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

785 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз