Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 07 Маусым, 2024

Париж олимпиадасында 8 дзюдошы жүлдеге таласады

Дзюдодан 2022 жылдың 24 маусымынан басталған әлемдік іріктеу кезеңі толыққанды аяқталды. Нәтижесінде 2 жыл бойы бозкілемде белдесіп, жоғары ұпай жинаған 8 жерлесіміз Париж төрінде жүлдесуге таласуға мүмкіндік алды.

Рио және Токио Олимпиадасына 6 спортшымыз барған болатын.

Жалпы 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы Олимпиадада өнер көрсетеді. Тек Франция мен Жапония ғана барлық салмақта бақ сынайды.

Франция — 14 салмақ

Жапония — 14 салмақ

Қазақстан — 8 салмақ

Ерлер

60 келі. Елдос Сметов

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев

73 келі. Данияр Шамшаев

81 келі. Абылайхан Жұбаназар

100 келі. Нұрлыхан Шархан

Әйелдер

48 келі. Абиба Абужақынова

+78 келі. Камила Берліқаш

Аралас командалық сайыс

63 келі. Эсмигул Куюлова

Бұған дейін жүлде алған сәттеріміз:

Токио Олимпиадасы — 1 қола

Рио Олимпиадасы — 1 күміс, 1 қола

Бейжің Олимпиадасы — 1 күміс

Фото: gov.kz

754 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз