Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 07 Маусым, 2024

Париж Олимпиадасына 8 дзюдошы қатысады

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын 8 дзюдошы қорғайды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Дзюдодан дүбірлі додаға іріктеу кезеңі толық аяқталды. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған 8 қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.

Бұған дейін Рио-де-Жанейро және Токиода өткен Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 6 спортшы қорғаған.

Биыл Париж Олимпиадасында дзюдодан 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы өнер көрсетеді. Тек Франция мен Жапония ғана барлық салмақта бақ сынайды.

Франция – 14 салмақ

Жапония – 14 салмақ

Қазақстан – 8 салмақ

Ерлер

60 келі – Елдос Сметов

66 келі – Ғұсман Қырғызбаев

73 келі – Данияр Шамшаев

81 келі – Абылайхан Жұбаназар

100 келі – Нұрлыхан Шархан

Әйелдер

48 келі – Абиба Абужақынова

+78 келі – Камила Берліқаш

Аралас командалық сайыс

63 келі – Эсмигул Куюлова

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарынан алтын ала алмаған. Мысалы:

Токио Олимпиадасы – 1 қола;

Рио Олимпиадасы – 1 күміс, 1 қола;

Бейжің Олимпиадасы – 1 күміс.

814 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз