Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Маусым, 2024

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша турнирдің бірінші кезеңі аяқталды

Шымкент қаласында Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында ҚР Кубогына VII турнидінің бірінші күні өтті. Жарыс 15 маусымға дейін өтеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Турнирге еліміздің 13 облысынан және қаласынан 13 ерлер, 12 әйелдер құрама командалары, 300 жуық спортшылар қатысады. 

 Бірінші кезең 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту дисциплинасында өткізілді. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

 Ерлер арасында жеке біріншілікте жүлдегерлер:

1 орын - Пузиков Даниил, Жамбыл облысы (16,64 сек.)

2 орын - Мезиков Расул, Алматы қаласы (19,68 сек.)

3 орын - Подгородецкий Петр, Астана қаласы (20,98 сек.).

Ерлер арасында командалық есепте:

1 орын - Астана қаласы (99,98 сек.)

2 орын - Жамбыл облысы (101,56 сек.)

3 орын - Алматы қаласы (101,92 сек.).

Әйелдер арасында жеке біріншілікте жүлдегерлер:

1 орын - Реджеметова Ситора, Түркістан облысы (16,93 сек.)

2 орын - Бажева Айнура, Қостанай облысы (17,33 сек.)

3 орын - Чернова Ольга, Түркістан облысы (18,76 сек.).

Әйелдер арасында командалық есепте:

1 орын - Түркістан обоысы (106,59 сек.)

2 орын - Астана қаласы (107,51 сек.)

3 орын - Қостанай облысы (110,7 сек.).

13 маусымда жарыс шабуыл сатысымен көтерілу димциплинасы бойынша жалғасады.

Фото: gov.kz

459 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз