- Аймақ тынысы
- 13 Маусым, 2024
Мектеп директорын бопсалаған 2 блогер ұсталды

Түркістан облысында 2 блогер ұсталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сайрам ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі тұлға ұсталды.
Атап айтқанда «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

369 рет
көрсетілді0
пікір