Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 13 Маусым, 2024

Қазақстан Оңтүстік Кореядағы отбасылық және гендерлік саясат тәжірибесін зерттейді

Қазақстан Оңтүстік Кореядағы отбасылық және гендерлік саясат тәжірибесін зерттейді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық делегация Әйелдер арасындағы гендерлік теңдік бойынша озық тәжірибе орталығының (UN Women Centre of Excellence for Gender Equality) жұмысымен танысу үшін Сеулге барды.
Делегация құрамында ҚР МАМ, ҚР СІМ және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері бар.
Қазақстандық делегация отбасылық және гендерлік саясатпен айналысатын Оңтүстік Кореяның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізді. ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров кореялық отбасын қолдау орталықтарының жұмысымен танысты.
«Оңтүстік Кореяда сегіз бағыт бойынша жұмыс істейтін 244 орталық бар. Үздік бастамалар мен тәжірибелерді Қазақстанда қолдануды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Қайрат Қамбаров.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2018 жылдан бастап психологиялық, әлеуметтік, тұрғын үй және заң саласы бойынша көмек көрсететін отбасын қолдау орталықтары бар. Бүгінде елімізде осындай 68 орталық жұмыс істейді.

1065 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз