- Шартарап
- 14 Маусым, 2024
Қазақстан мен Түркия ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Анталия, 2024 жылғы 12-13 маусым – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Мерсин және Адана провинцияларына жұмыс сапары аясында осы аймақтардың, Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен және жергілікті бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен, сондай-ақ Мерсин университетінің және қазақстандық студенттермен кездесулер өткізді.
Елші Е. Сәпиев Мерсин провинциясының губернаторы Али Хамза Пехливан және Адана провинциясының губернаторы Явуз Селим Кошгермен кездесулерінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың негізгі бағыттарына тоқталды. Қазақстан мен Түркия аймақтары арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Мерсин Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма Төрағасы Хакан Сефа Чакырға еліміздің транзиттік, логистикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Жиынға қатысқан түрік кәсіпкерлері түрлі салалардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанға шақырылды.
Мерсин университетінің басшылығымен сұхбат барысында Елші жоғары білім мен ғылым саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Университетті аралау аясында қазақстандық студенттермен кездесу өтіп, оқу процесі, тұру жағдайлары және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, «Ardent Plastik San. ve Tic. A.Ş» компаниясының басшылығымен суару жүйелері саласында Қазақстанда өндіріс орнын орналастыру бойынша бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сонымен қатар, Елші Е. Сәпиев «Arslan Aluminyum A.Ş.» компаниясының алюминий профильдерін шығаруымен танысты.
Фото: gov.kz

1437 рет
көрсетілді0
пікір