- Шартарап
- 14 Маусым, 2024
Енді Ресейдің негізгі шетел валютасы – юань

АҚШ санкцияларынан кейін, Ресейдің Орталық банкі юаньды негізгі шетел валютасына айналдырды. Демек қытай ақшасы нарықта жаңа анықтау көрсеткіші болады.
Соңғы екі жылда Ресей нарығындағы доллар мен еуроның рөлі біртіндеп төмендей бастады. Көрші ел Қытай нарығына бейімделді. Қазір сыртқы саудада
рубль - 80%
юань үлесі - 54%.
«Қазірдің өзінде биржалық сауда-саттықтағы негізгі валюта юань болды. Юань/рубль биржалық бағамы басқа валюта бағамдары үшін траекторияны белгілейді, нарық қатысушылары үшін бағдар болады», — делінген Ресей Орталық банкінің хабарламасында.
Мәскеу биржасы 13 маусымнан бастап доллар және еуромен сауда жүргізбейді.
Фото: ашық дереккөзі

1766 рет
көрсетілді0
пікір