Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Маусым, 2024

Қорғаныс министрлігінде Жапонияның Қазақстандағы әскери атташесі таныстырылды

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Жапония әскери-дипломатиялық корпусының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Өз миссиясының аяқталуына байланысты полковник Тадаси Савари Жапонияның Қазақстандағы жаңа әскери атташесі полковник Хироаки Фунатаны таныстырды. 

Кездесу барысында тараптар әскери медицина, білім беру және бітімгерлік қызмет саласындағы қатынастардың жанданғанын атап өтті. 

Полковник Олжас Құсайынов бұрынғы әскери атташеге әскери ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да артатынына сенім білдірді.

Фото: gov.kz

342 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз