Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Маусым, 2024

Бүгін Әбдікәрім Ахметовтің туғанына 100 жыл

Бүгін белгілі ақын Әбдікәрім Ахметовтің туғанына — 100 жыл.

Ақын «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, «Социалистік Қазақстан»  газетінде жауапты хатшының орынбасары, Қазақ мемлекет көркем әдебиет  баспасында редактор, ҚР Баспасөз  жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызметтер атқарған.

Әбдікәрім Ахметовтің алғашқы жинағы «Өлеңдер» деген атпен 1953 жылы жарық көрген. Оның философиялық терең ойға, нәзік сезімдерге толы «Халықбек», «Екінші дәптер», «Нан туралы сөз», «Өшпеген жалын», «Толқындағы өмір» т.б. өлеңдері мен поэмалары көпшілікке жақсы таныс. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған.

Қаламгер А.Пушкин, М.Лермонтов, А.Твардовский, С.Маршак, Э.Межелайтис т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.  1973 жылы   қарақалпақ әдебиетінің    классигі Бердақ ақынның   таңдамалы толғаулары мен   дастанын қысқаша жырлап,   жеке кітап етіп шығарды.

Қаламы қарымды ақынға «Баспа озаты» деген құрметті атақ берілген.

310 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз