- Безбен
- 19 Маусым, 2024
Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 21 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.
Фото: t.me/mazhilis_kz
412 рет
көрсетілді0
пікір







