Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Маусым, 2024

«Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды

Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің бастамасымен республика бойынша «Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды. Бірлескен іс-шара барысында ауыр салмақты көліктердің, оның ішінде самосвалдардың қозғалысы бойынша бақылау күшейтілді.

Осы ретте назарларыңызға ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тасымалдауының алдын алу және бақылау бойынша рейдтік іс-шаралардың аралық қорытындыларын ұсынамыз. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 40 млн теңгеге жуық сомада әкімшілік айыппұл салынып, 229 бұзушылық анықталды.

Осылайша, шамадан тыс ауыр жүк тасымалдайтын машиналарға қатысты анықталған бұзушылықтардың ең көп үлесі Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстарына тиесілі.

Айта кетерлігі, ауыр жүк самосвалдарымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін және жүктерді тасымалдау ережелерін, оның ішінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақ өлшемін бұзуға жол беріледі.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша барлығы 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген, оның ішінде 60 мыңнан астамы самосвалдар. Естеріңізге сала кетейік, жүктерді тасымалдау кезінде Министрліктің 2015 жылғы 26 наурыздағы 342 бұйрығына сәйкес рұқсат етілген параметрлерді сақтау маңызды.

331 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз