- Айна
- 24 Маусым, 2024
Алматыда 800-ден астам адам жалдамалы пәтер алды

Алматыда әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға пәтер беру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі адам, жетім бала, ардагер және т.б. 218 тұрғын баспаналы болды. Олар 2011 жылдан 2012 жылға дейін жалға берілетін тұрғын үй кезегінде тұрған.
Мамыр айынан бастап 800-ден астам қала тұрғыны бірнеше кезең бойынша пәтер алды. Алматы әкімі Ерболат Досаев биыл коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға екі мың жалға берілетін пәтер беруді тапсырды. Оның 400-і жетім балаларға беріледі.

331 рет
көрсетілді0
пікір