- Шартарап
- 24 Маусым, 2024
Қазақстан мен Қытай пошта операторлары тарифтерді төмендету туралы келісім жасасты

Қазақстан мен Қытай пошта операторлары тарифтерді төмендету туралы келісім жасасты, - деп хабарлайды " Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі.
Бейжіңде «Қазпошта» АҚ және Қытай Халық Республикасының пошта операторы «China Postal Express & Logistics Co. LTD» екі ел арасындағы тауарларды ePacket Plus сервисі арқылы жеткізу шарттарын жақсартуға бағытталған келісімге қол қойды.
ePacket Plus – бұл заманауи логистикалық талаптарды қанағаттандыратын және Қазақстан мен Қытай арасындағы электрондық коммерцияның өсіп келе жатқан нарығына бағдарланған Қытайдың сауда алаңдарынан сәлемдемелерді қадағалауды қамтамасыз ететін озық сервис.
Екі елдің пошта операторлары арасындағы жаңа келісім клиенттерге оңтайлы тарифтер мен жоғары сапалы сервисті ұсынады.

619 рет
көрсетілді0
пікір