- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 24 Маусым, 2024
Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазған азаматымыз ұсталды - СІМ
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Италияда Помпейдегі сәулет ескерткішіне залал келтірген Қазақстан азаматы ұсталғанын растады.
Мұражай кеңсесінің мәліметінше, қазақстандық азаматты сенбі күні таңертең қауіпсіздік қызметкерлері Цеев үйіндегі жеңіл сылаққа ALI әріптерін ойып жазғаннан кейін ұстаған. Бұл туралы Euronews жазды.
"Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазған азаматымыз ұсталды. Құқық қорғау органдарында қажет рәсімдердің бәрін аяқтаған соң оны босатты", – деп хабарлады Қазақстан cыртқы істер министрлігі.
СІМ Қазақстан азаматына байланысты алдағы уақытта әкімшілік тәртіппен сот талқылауы болады деді.
Цеев үйі 1913-1914 жылдары қазылған соңғы самниттік кезеңдегі (б.з. д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйдің сирек кездесетін түрлерінің бірі. Сол себепті мұрайжадағы қабырғалардың өзі ерекше бақылауға алынған.
Археологиялық саябақ әкімшілігі турист қабырғаны бүлдіргені үшін ақы төлеуі керек деп хабарлады.

295 рет
көрсетілді0
пікір