Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Маусым, 2024

Мемлекет басшысы журналистика және телевизия саласы мамандарын марапаттады

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен ұжымдары марапатталды.

Президент өкімінің толық мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

2024 жылғы 27 маусым

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа – «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы, отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін;

Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке – «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Елена Андреевна Преображенскаяға – «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы, интернет кеңістігінде ақпарат таратуға қосқан үлесі үшін;

Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға – «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы, отандық журналистиканы мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан жетілдіруге қосқан үлесі үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы – продюсері, Мемлекет басшысының қызметі туралы ақпаратты жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;

Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға – «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі, Қазақстан телевизиялық журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа – «Jibek joly» телеарнасының тілшісі, Қазақстан телевизиялық журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға – «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары, өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарын  дамытуға қосқан үлесі үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

«24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына – мемлекеттік саясатты жан-жақты түсіндіргені үшін;

«Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына –қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларды түсіндіруге қосқан 20 жылдық үлесі үшін;

«Baq.kz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына – интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісіне қосқан үлесі үшін;

«Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің және өңірдің қоғамдық-саяси өмірін жариялап, көрсетуге   қосқан ғасырлық үлесі үшін жариялансын.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

2251 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз