- Құмсағат
- 30 Маусым, 2024
Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та чемпион белбеуін жеңіп алды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Веллингтон қаласында (АҚШ, Флорида) өткен грэпплингтен NAGA (North American Grappling Association) турнирінде жеңіске жетті.
Жекпе-жекте Жұмағұлов америкалық Рэймонд Пейджді (Rogue Wave Martial Arts) жеңді.
Осылайша, Жалғас NAGA чемпиондық белбеуін жеңіп алды.
Аралас жекпе-жек бойынша Жалғас Жұмағұлов ақпан айында соңғы ресми жекпе-жегін өткізіп, Naiza FC 57 турнирінде америкалық файтер Кливленд Маклинді (17-12) ұтты.

416 рет
көрсетілді0
пікір