Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 02 Шілде, 2024

Бердібек қандай ғалыммен қызметтес болды?

1. Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» романындағы Бектастың прототипі кім? 

а) Інісі Тұрдыбек

ә) Жазушының өзі

б) Ағасы Сатылған

в) Сағатбай мұғалім

2. Б.Соқпақбаевтың алғашқы туындылары 1948 жылы қандай ұжымдық жинаққа енді? 

а) «Беласқан»

ә) «Жаңа толқын»

б) «Қарлығаш»

в) «Жастар даусы»

3. Бердібек Нарынқолда мұғалім болып жүргенде, жер аударылған қандай атақты ғалыммен бірге жұмыс істеді? 

а) Қайым Мұхамедханов

ә) Әлкей Марғұлан

б) Ермахан Бекмаханов

в) Шафық Шөкин

4. «Менің атым Қожа» хикаятының алғашқы атауы қандай болды? 

а) «Біз де бала болғанбыз»

ә) «Өзім жайлы повесть»

б) «Қожаберген Қадыров және оның бастан кешкендері»

в) «Тап-таза бұлақ»

5. Жазушының қандай шығармасы 1974 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды? 

а) «Менің атым Қожа»

ә) «Қайдасың, Гауһар?»

б) «Өлгендер қайтып келмейді»

г) «Ергежейлілер еліне саяхат»

6. А.Қарсақбаевтың режиссерлігімін түсірілген «Менің атым Қожа» фильмінде Қожаның анасы Миллаттың рөлін кім ойнады?

а) Бикен Римова

ә) Фарида Шәріпова

б) Сәбира Майқанова

в) Нүкетай Мышбаева

7. Әуелі «Он алты жасар чемпион» деп аталып, кейін «Жекпе-жек» деген атаумен оқырманға танылған хикаятта бас кейіпкер Мұратты жаттықтырушы Николай Трофимович неге бірден бокс секциясына қабылдамайды?

а) Аурушаң баланың денсаулығына алаңдайды;

ә) «Сенен жақсы жеңіл атлет шығады» жеп жүгіруге икемдегісі келеді;

б) Мұрат бірінші күні-ақ Садықпен төбелесіп қалады;

в) Мұратты анасы жібермей қояды.

8) Жазушының «Аяқталмаған мәжіліс» әңгімесінде шешуші дауысқа ие кейіпкерлер кімдер?

а) Күрек, қайшы, қырықтық, кетпен, балта

ә) Аспан, жер, ауа, көкжиек, сағым

б) Философия, психология, педагогика, биология, анатомия

в) Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш

9. «Жақсылап байқашы, Аяғың тоңбай ма? Жел үріп, қар кіріп, Қонышыңа толмай ма?» Бұл өлең қаламгердің қандай туындысынан алынған? 

а) «Шынықсын денеміз!»

ә) «Күшігім менің Саққұлақ»

б) «Ана жүрегі»

в) «Бұлақ»

10. Алматыдағы қазіргі М.Мақатаев атындағы көшенің Б.Соқпақбаев шығармашылығына қандай қатысы бар? 

а) Қаламгер алғашқы үйін осы көшеден алды;

ә) «Қайдасың, Гауһар?» повесінде аталатын мекенжай осы көшеде болған;

б) Осы көшеден ФЗО-ға аттанған;

в) Осы көшеде Б.Соқпақбаев ескерткіші бар.

Балалар, сендерді «Ақ желкен» журналының «Қазақтың нар тұлғалары» викторинасына белсене қатысуға шақырамыз. Басылымның бұған дейінгі наурыз, сәуір, мамыр айларындағы сандарында Ф.Оңғарсынова, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан сияқты тұлғаларға арналған викториналар жарияланды. Жыл соңына дейін осы байқауға қатысып, қомақты жүлде ұтып ала аласыңдар. Әзірше Ж.Еркін, С.Тұрғанбекова, С.Төлеуов сияқты қатысушылардың жақсы көрсеткішпен алда келе жатқанын ескерткіміз келеді. Жауаптар 1. А түрінде, қосымша түсініктемесіз қабылданады. Викторинаға кез келген айдан бастап қатысуға болады. Журналдың алдыңғы сандарындағы сауалдарға да жыл соңына дейін еркін жауап бере аласыңдар. Күтеміз!

«Ақ желкен» журналы, №6
Маусым, 2024

 

1098 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз