- Құмсағат
- 02 Шілде, 2024
Александр Бублик «Уимблдон» турнирінің келесі кезеңіне өтті

Теннистен Қазақстан ерлер командасының мүшесі Александр Бублик «Уимблдон» турнирін сәтті бастады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирдегі алғашқы матчта ол чехиялық Якуб Меншикті жеңді. Есеп - 4:6, 6:7, 6:4, 6:4, 6:2.
Екінші айналымда ол франциялық Артур Казомен кездеседі.

620 рет
көрсетілді0
пікір