Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Шілде, 2024

Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді

Эмомали Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Тәжікстан Президентін Астана әуежайында Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.
 

Фото: t.me/KZgovernment

1250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз