Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 03 Шілде, 2024

Будапештте Ұлы дала әуендері шырқалды

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның астанасы Будапештте өткен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының концертіне қатысты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ференц Лист атындағы атақты Музыка академиясының Камералық залында жиналған хор өнерін сүйетін қауымға Қазақстаннан алғаш рет келген керемет хорды тамашалауға мүмкіндік берілді. Оның негізін дәстүрлі түрде қазақ даласы мен еуропалық классикалық композиторлардың шығармалары құрайды. Бұлар Ғазиза Жұбанова, Сейдолла Бәйтереков, Жаяу Мұса, Шәмші Қалдаяқов, Франц Шуберт, Рудгеро Леонкавалло, Никколо Йоммелли, Орландо ди Лассо, Сергей Рахманинов және тағы бақалардың туындылары.

Капелланың репертуарында әр түрлі стильдегі қазақ халық әндері берік орын алады. Сонымен қатар мажар композиторы Золтан Кодайдың «Túrót eszik a cigány» шығармасы сәтті орындалды.

Ұлы даланың халық әндерін алғаш естіген тыңдарман қауым ду қол шапалақтауын аямады. Мажар мемлекеттік опера театрының солистері Наталья Тузник (сопрано) мен Гергей Бончердің (тенор) қатысуымен Латиф Хамидидің «Бұл-бұл» және Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» шығармаларының орындалуын репертуарлық жетістік деп атауға болады. Солист Мақпал Қазыбекқызы сахнаға шығып, Ақан серінің «Маңмаңгер» әнін орындаған кезде зал қошеметке бөленді.

Мемлекеттік хор капелласы ұжымының концерті «Budapest Music Festival» аясында өткен Мемлекеттік хор капелласы ұжымының концерті мажар жұртшылығына Ұлы дала хор өнерінің жоғары кәсіби деңгейі көрсетті.

Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы 1935 жылы филармонияның құрамына кірді. 1936 жылы Мәскеудегі хор қазақ өнерінің онкүндігінде өнер көрсетті. 1939 жылы ақпанда Қазақ КСР Үкіметінің қаулысымен филармония хоры Мемлекеттік хор капелласы мәртебесі берілді. Хордың қалыптасуына атақты Борис Лебедев, Латиф Хамиди, Борис Орлов, Бақытжан Байқадамов, Галина Виноградова сынды өнер майталмандары атсалысты. Ұжымды 1959-1991 жылдары аралығында КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Васильевич Молодов басқарды. Бүгінде капелланың көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.

693 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз