Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Шілде, 2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Астана декларациясы қабылданды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Астана декларациясы қабылданды.
Құжатқа ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойды.
Мемлекет басшысы отырысты қорытындылай келе, көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланғанын, Ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті.
– Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз. Осыған орай Ұйымның халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын одан әрі арттыру үшін ШЫҰ тетіктерінің жұмысын жетілдіруге баса мән берілді. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ тарихындағы тағы бір маңызды кезеңге жол ашатынына, сондай-ақ Ұйымның жүйелі әрі жан-жақты дамуына септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

632 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз