Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 04 Шілде, 2024

ШЫҰ қатысушы елдер жоғары оқу орындарының кітабы таныстырылды

Астанада ШЫҰ университеттерінің «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық симпозиумы өтті. 
Ауқымды іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов,  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚХР Білім министрі Хуай Цзиньпэн, Жібек жолы университеттері альянсының басшылығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Сиань Цзяотун университетінің ректоры Чжан Лицюнь, Астана IT университетінің ректорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев және 20 жоғары оқу орнының ректоры қатысты. 
Симпозиум аясында «ШЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Кітапта ШЫҰ-ға қатысушы елдердің білім-ғылым, халықаралық ынтымақтастық саласындағы ортақ табыстары мен  бірлесе атқарған жұмыстары орыс, ағылшын, қытай тілінде баяндалған.

796 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз