Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 05 Шілде, 2024

Сеулде қазақстандық компаниялардың өнімдері таныстырылды

 Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «Korea Import Fair 2024» халықаралық импорттық тауарлар көрмесінде қазақстандық стендті ұйымдастырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Корей импорттаушылар қауымдастығы (KOIMA) ұйымдастырған шарада «FruitLab», «Iki» органикалық шырындары, «Sigara Borek» жартылай фабрикаттары, «Бахус» сусындары және «Air Astana» қызметтері сияқты қазақстандық компаниялардың өнімдері мен қызметтері көрсетілді.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген KOIMA төрағасы Ким Бён Гван Оңтүстік Кореяның серіктес достас елдерінен импортты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол бұл көрменің шетелдік компанияларға өз өнімдерін Кореяда таныстыруға және әлеуетті серіктестер табуға бірегей мүмкіндік беретінін баса айтты.

Іс-шараға 50 елден 200-ден астам компания қатысты. Көрменің бірінші күні қазақстандық стендті бірнеше жүздеген қатысушылар тамашалап, көптеген корей компаниялары қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Қазақстандық стендті аралау барысында ҚР Елшісі Нұрғали Арыстанов, KOIMA төрағасы Ким Бён Гван және Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрінің орынбасары Чхве У Сок қазақстандық өнімдермен танысып, екіжақты сауданы кеңейту перспективаларын талқылады.

Қазақстан-Корея саудасының көлемі 6 млрд АҚШ доллары болғандықтан, Оңтүстік Корея еліміздің 4-ші ірі сауда серіктесіне айналғанын атап өткен жөн.

971 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз