Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Шілде, 2024

Президент Ұлыбританияның жаңа тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
– Осы тарихи сәтте Ұлыбритания халқы партияның келешекті көздеген бағдарламасына және Сіздің тиімді көшбасшылығыңызға сенім білдірді. Қазақстан жақында қол қойылған Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында Ұлыбританиямен сан қырлы ықпалдастықты одан әрі дамытуға бейілді, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңадан сайланған Премьер-министрдің жауапты жұмысына табыс, Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.


Фото:t.me/aqorda_resmi

1380 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз