Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Шілде, 2024

Ресей әскері Украина қалаларын жаппай ракетамен атқылады

Ресей әскері 8 шілде таңертең Украина қалаларын жаппай ракетамен атқылады. Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Ел астанасы Киевте кемі сегіз адам қаза тауып, 15 адам зардап шеккені хабарланды.

Ракета шабуылынан Киевтегі "Охматдет" балалар ауруханасының бір бөлігі бұзылған. Ауруханада зардап шеккендер бар, олардың нешеуі бала екені белгісіз.Ракета сынықтары Киевтің бірнеше ауданына, қала ортасына түсіп, бірнеше ғимаратта өрт шыққан.

Желіде жарияланған фото, видеолардан балалар ауруханасының қатты қирағаны көрінеді. Науқас балалар мен олардың ата-аналары сыртта отырғаны байқалады. Үйінділер астында адамдар болуы мүмкін.

Украина тарабы Ресей ракеталарды Каспий теңізінен жібергенін айтады. Бүкіл Украина аумағында дабыл қағылды. Ел ішінде ракетаға қарсы жүйелер іске қосылған. Украина президенті Владимир Зеленскийдің хабарлауынша, Ресей 40-тан аса ракета атқан.

Фото: azattyq

430 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз