- Құмсағат
- 08 Шілде, 2024
Еркін күрестен Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында 57 келі салмақта бақ сынайды. Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында белгілі болды.
Күрес түрлерінен Ресей құрамасындағы Заур Угуиев Олимпиада жолдамасын иеленерде Мейрамбек Қартбайдан басым түскен еді. Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілген.
Мейрамбек 2023 жылғы әлем чемпионатында бесінші орын алып, қалған іріктеу турнирлеріне қатысқан жоқ.

688 рет
көрсетілді0
пікір