Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 08 Шілде, 2024

Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты.

Ол төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасты.

Калинская матчты брейкпен бастады - 2:0. Алайда Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті алды - 6:3.

50 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ресейлік теннисші 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, Украина өкілі Элина Свитолина немесе рейтингіде 42-сатыдағы қытайлық Синьюй Ванның қай жеңгенімен таласады.

 

Фото: Sports.kz

692 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз