Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Шілде, 2024

Еуропа чемпионаты: Бүгін жартылай финалда Испания мен Франция кездеседі

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 9 шілдеде 1/2 финалдағы алғашқы ойында Испания мен Франция құрамалары кездеседі.

Кездесу сағат 00.00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу Мюнхен қаласындағы «Альянц-Арена» стадионында өтеді.

B тобында сынға түскен Испания құрамасы Хорватияны 3:0, Италия мен Албанияны 1:0 есебімен жеңді.

Одан кейін 1/8 финалда Грузияны 4:1, ширек финалда Германияны қосымша кезеңде 2:1 есебімен сүріндірді.

D тобында сынға түскен Франция құрамасы Австрияны 1:0 есебімен жеңсе, Нидерландпен 0:0, Польшамен 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал 1/8 финалда олар Бельгияны 1:0 есебімен тізе бүктірcе, ширек финалда Португалияны пенальтиден 5:3 есебімен жеңді.

Екі құрама бұған дейін 42 мәрте кездесіп, 17-де Испания, 16-да Франция басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

702 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз