Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Шілде, 2024

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды

Гаухар Тасбергенова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Гаухар Тасбергенова – белгілі қазақстандық пианист, концертмейстер, арт-менеджер  халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол Қ. Байсейітова атындағы мектепті бітірген, PhD in Art-management докторы.
Гаухар Тасбергенова әр жылдары халықаралық жобаларға қатысқан, атап айтқанда, Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қатысуымен «Париж-Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін», А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» (қоюшы-режиссер Джанкарло дель Монако), Е. Брусиловский «Қыз Жібек» (қоюшы-режиссер Михаил Панджавидзе), сондай-ақ ол опералық спектакльдерді сүйемелдейтін бас пианист-концертмейстер. Мәдениет саласындағы көптеген жобаларды әзіреп, оны жүзеге асырған.
Сонымен қатар, Гаухар Тасбергенова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.

404 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз