Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Шілде, 2024

Шымкентте қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Шымкент қаласында қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Шымкент қаласының Арбатында жергілікті суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Шығармашылық саладағы 50-ге жуық шебер өз жұмыстарын көпшілікке ұсынды. 
Басты мақсат – шеберлерге өнімдерін сатуға жағдай жасап, қолдау көрсету. Қазіргі кезде елімізде креативті индустрия саласына ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысы өз жолдауында креативті экономиканы ауқымды дамыту үшін жағдай жасау, оның ішінде креативті индустрия өкілдеруіне қолдау шараларының кешенін әзірлеу міндетін қойды.
Айта кетейік, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында қолөнершілер мен суретшілердің осындай жәрмеңкелері ұйымдастырылуда.  Оларды барлық өңірлерде және тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Жергілікті әкімдіктер кәсіпкерлерге мұндай алаңды тегін ұсынып жатыр.

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз