Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 09 Шілде, 2024

Қытайда Домбыра күні аталып өтті

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі Бейжің ұлттық аспаптар оркестрінің және Қытайдың Ұлттар университетінің студенттерімен және ұстаздарымен бірлесіп Қазақстанның ұлттық мерекесі – Домбыра күнін атап өтті.

Жас музыканттар ұстаздармен бірге қытай ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен Асылбек Еңсеповтың «Хафиз» күйін домбырамен орындады.

2015 жылы ресми түрде құрылған Бейжің ұлттық оркестрі – Бейжіңдегі қазақтың ұлттық аспабы «Домбырада» ойнауды кәсіби түрде үйрететін жалғыз оркестр. Бұл оркестр Қытайдағы және шет елдердегі ең үлкен сахналарда өнер көрсететін 500-ден астам музыканттары бар Бейжіңдегі ең ірі муниципалдық мәдени және өнер ұжымдарының бірі.

578 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз