- Шартарап
- 10 Шілде, 2024
Қазақстанның елшісі Әмірліктердің Әділет министрімен кездесті

Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі Абдалла бен Султан әл-Нуеймимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялаудың, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің бірқатар мәселелерін талқылады.
Әмірліктердің Әділет министрі Қазақстанмен қарым-қатынастардың даму динамикасына оң бағасын бере отырып, талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді.
Тараптар екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту мен нығайту мақсатында барлық күш-жігерлерін жұмылдыратынын атап өтті.

600 рет
көрсетілді0
пікір