- Айна
- 10 Шілде, 2024
Алматыда Халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді

Алматыда 24-28 шілде аралығында ALMATY Circus FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді. Іс-шараға 18 елдің әртістері қатысады, олар- Қазақстан, Қытай, Жапония және басқалары.
Қонақтар эквилибристердің, акробаттардың, әуе гимнасттарының, арқанмен жүрушілердің және жонглерлердің қойылымдарын, сондай-ақ әлемге әйгілі клоундардың қойылымдарын тамашалай алады. Билеттер 2000-нан 6000 теңгеге дейінгі бағамен сатылымда.
Фестивальдің жеңімпаздары мен финалистері Алматыда бір айға қалып, әр демалыс күндері Қазақ мемлекеттік циркіндеі сағат 16:00-де өнер көрсетеді. Сиқыр мен талант әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Алматыда былтыр Халықаралық цирк фестивалі алғаш рет өткен еді. Ол цирк өнерін ілгерілетуге үлкен үлес қосады, сонымен қатар елдегі мәдени туризмнің дамуына ықпал етеді.

302 рет
көрсетілді0
пікір