Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Шілде, 2024

Гастролер ұрылардың қылмыстық тобы ұсталды

Астана қаласы мен Жамбыл облысы полицейлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде коммерциялық ұйымдардың кеңселерінен ақша ұрлаған гастролер ұрылардың қылмыстық тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау, Алматы және Түркістан облыстарынан келген үш күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қаскөйлер әр қылмысқа мұқият дайындалып, бейнебақылау камералары мен басқа да техникалық күзет құралдарына қарамай әрекет еткен.

Тергеу барысында ұсталғандардың Астана қаласында болған тонауға және Тараз қаласындағы кеңселерден жасалған үш ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.

Жалпы келтірілген шығын 13 млн теңгеден асады. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.

192 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз