Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Шілде, 2024

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылды

Қызылордада  балалар мен жасөспірімдерге арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Қызылордада «Creative urban tour» жобасы басталды. Жоба аясында жазғы демалыстың соңына дейін балалар мен жасөспірімдерге креативті индустрияның 28 бағыты бойынша шеберлік сыныптары өткізілетін болады.
Жас қызылордалықтар тафтинг әдісімен кілем тоқу, макраме, стринг-арт, мобилография, гипстен, ағаштан, бисерден бұйымдар жасау және т.б. жаңа дағдыларды игере алады. Сабақтар тұрғын үйлердің аулаларында өтеді. Осылайша, 200 бала мен жасөспірімнің бос уақытын қамтамасыз ету жоспарлануда.
«Creative urban tour» жобасының мақсаты — жазғы демалысты тиімді өткізуге, өскелең ұрпақтың шығармашылық дамуы мен көшбасшылық қасиеттерін арттыруға ықпал ету, сондай-ақ креативті индустрияны насихаттау.

417 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз