- Аймақ тынысы
- 10 Шілде, 2024
Ақтөбе облысында су тасқыны салдарын жоюға 66,2 млрд теңге бөлінді

Жергілікті бюджет және демеушілік есебінен қарастырылып отырған қаржының 38,8 млрд теңгесі зардап шеккен тұрғын үйлерді жөндеп, қалпына келтіруге жұмсалып жатыр. Бұл туралы өңір басшысы Асхат Шахаров облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясында мәлімдеді.
Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи апаттың зардабын жоюға, жапа шеккен ақтөбеліктерді жан-жақты қолдауға бағытталған бірқатар іс-шара жүзеге асырылған. Бүгінгі таңда су басқан 4 мың үйдің үш мыңға жуығы жөнделді. Ал апатты деп танылған үйлердің орнына жаңа 511 баспана бой көтеруде. Облыс басшысы қалған 503 отбасыға пәтерлер сатып алынатынын, ал тұруға жарамды тұрғын үйлер жөнделіп жатқанын алға тартты. Қазіргі уақытта 406 отбасы жаңа қоныстарына көшті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жедел жұмыстар басталды. Жергілікті бюджеттен және демеушілік есебінен 66,2 млрд теңге қарастырылды. Тұрғын үйлерден басқа материалдық залал өтемақысын 3,5 мыңға отбасыға өтеу үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 4,5 мыңға жуық отбасыға 369 мың теңге құрайтынбіржолғы төлемдер берілді», - деді Асхат Шахаров өз сөзінде.
Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

332 рет
көрсетілді0
пікір