Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Шілде, 2024

Ақтөбе облысында 25 ауыл газбен қамтылады

Ақтөбе облысында 25 ауыл газбен қамтылады, 15 ауылда орталық сумен жабдықтау жүргізіледі, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыстық мәслихат сессиясында өңір басшысы Асхат Шахаров ауылдағы коммуникацияларды қамтамасыз ету мәселесінің қалай шешілетінін айтты.  
 «Біздің өңірдің тұрғындарын қызықтыратын негізгі мәселелердің бірі – сумен жабдықтау. Қазіргі уақытта халықтың 99,2% - ы сапалы ауыз суға қол жеткізе алады. Биыл біз 5 мыңнан астам адам тұратын 15 елді мекенге орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін жүргізу үшін 8,3 млрд.теңге бөлдік. Оның 10 ауылын осы жылдың соңына дейін қосамыз. Осылайша, 2025 жылға қарай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі», - деді әкім.
Өңір басшысының айтуынша, қазіргі уақытта облыс халқының 95,5%-ы газбен қамтамасыз етілген. Инфрақұрылымды дамыту стратегиясы аясында биылғыжылдың басында ауылдарды газдандыруға 4,1 млрд. теңге бөлінді.
 Сондай-ақ, Үкімет Ақтөбе облысына тағы 9,2 млрд. теңге бөлу туралы мәселені қолдады. Бұл 11 мыңнан астам адам тұратын 25 ауылға көгілдір отын тартуға мүмкіндік береді. Бұл жобаларды келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Жарма, Қаражар, Оймауыт сияқты ең шалғай ауылдардың өзі де назардан тыс қалмайды.

256 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз