- Құмсағат
- 13 Шілде, 2024
Жәнібек Әлімханұлы денсаулығына алаңдаған жанкүйерлеріне алғыс білдірді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауруханадан шықты. Ол өзін уайымдап жатқан барлық жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Бұл туралы боксшы өзінің инстаграм парақшасында жазды.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалған еді. Сол себепті Жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичке қарсы 14 шілдеге жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.
"Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын. Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!", - деп Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
704 рет
көрсетілді0
пікір