- Безбен
- 16 Шілде, 2024
9 зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек көрсетілді

Бүгін ТЖМ апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы «Алматы-Екатеринбург» автожолында орын алған ЖКО-на шықты, онда 3 автомобиль соқтығысқан еді.
Құтқарушылар зардап шеккен 9 адамға, оның ішінде 3 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті.
Зардап шеккендер ауруханаға жатқызуды қажет етпейді.
Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!

501 рет
көрсетілді0
пікір