- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Шілде, 2024
Қызылорда облысында жанармай бекеті өртенді
Құтқарушылар жанармай құю бекетінің аумағындағы отты сөндірді.
Оқиға бүгін Қызылорда облысы Арал қаласында болды. Белгілі болғандай, жанар-жағармай материалдарына арналған резервуар жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ күштері шақыру түскен сәттен бастап 17 минут ішінде жалынды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
351 рет
көрсетілді0
пікір






