Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Шілде, 2024

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған қаражат 37,2% өсті

2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 610 млрд теңгеге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37,2% артық (444,5 млрд теңге).

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, шығындардың ең көп көлемі Ақмола облысында тіркелді – 127,7 млрд теңге, бұл жалпы көлемнің 20,9% құрайды.

Одан кейін Атырау (89,1 млрд теңге), Павлодар (59,4 млрд теңге) және Ақтөбе (51,2 млрд теңге) облыстары.

Табиғатты қорғау қызметіне жұмсалған ең төменгі шығындар Жетісу облысында – 1,5 млрд теңге.

Табиғатты қорғау шығындарының едәуір үлесі (97,2%) өнеркәсіп кәсіпорындары тарапынан болған.

Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша энергия үнемдеу технологияларына және энергия тиімділігін арттыруға (жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда) жұмсалған шығындар жалпы көлемнің 33,2% құрады, қалдықтарды басқаруда – 21,6%, атмосфералық ауаны қорғау және климат өзгеру проблемаларында – 20%.

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз