- Аймақ тынысы
- 17 Шілде, 2024
Жезқазған - Қызылорда жолының жұмыстары күзде басталады

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Министр Жезқазған – Қызылорда автожолының жағдайын тексерді. Ұлытау облысы бойынша өтетін осы трассаның сегіз учаскесін салумен айналысатын төрт мердігер ұйымға биыл күзде жұмысқа кірісу міндеті қойылды. Қажетті материалды дайындауға жергілікті өндірушілер көмектеседі.
Қазіргі уақытта мердігерлер арнайы техника мен жабдықтарды жұмылдыруда, сондай-ақ құрылыс материалдарын дайындауда және карьерлер мен құрылыс алаңдарына қажетті жерлерді рәсімдеуде. ҚР Көлік министрінің тапсырмасы бойынша аталған жұмыс түрлері бір ай ішінде жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Жезқазған – Қызылорда автожолының жалпы ұзындығы 400шақырым, оның 208-і Ұлытау облысына тиесілі.
Фото: дереккөзден алынды

679 рет
көрсетілді0
пікір