Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Шілде, 2024

Алматыдағы Әуезов ауданының 12 мың тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде инженерлік желілерді жаңғырту жоспарларымен бөлісті:

Тамыз айында 27 км сумен жабдықтау және 22 км су бұру желілерінің құрылысы басталады. Жоба Дубок, Школьник пен Мамыр шағынаудандарын қамтиды.

Ауданның 12 мың тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Шілде айында Мамыр-4 шағынауданында 4,5 км сумен жабдықтау және 9,5 км су бұру желілерінің құрылысы басталды. Жұмыстың аяқталу мерзімі — қыркүйек 2025.

Қазан айында Саин мен Төле би көшелеріндегі 2,1 км су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмысы аяқталады

Төле би мен Ұлықбек көшелерінде 5 км су құбырын салу аяқталды. Бұрынғы "Восход", "Садовод", "Ветеран" бау-бақша серіктестіктерінің 8 көшесінде тағы 5,2 км желі салынды.

 Достық ш/а су құбыры мен кәріз құрылысын қайта бастау тамыз айына жоспарланды. Орталық коммуникациямен 3650 тұрғын тұратын 759 жеке үй қамтылады.

785 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз