Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 18 Шілде, 2024

Оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру үшін 7500 мұғалім даярланады

«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мұғалімдерді қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларына үйретуді ұйымдастырды. Ел бойынша барлығы 7500 мектеп, колледж және университет мұғалімдері оқытылады. Жоспар бойынша жаңа пән жаңа оқу жылында оқу бағдарламасына енгізілмек.

Астанада оқу семинарының қатысушыларымен Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кездесті. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, мұғалімдер әрдайым қоғамдағы жаңа және прогрессивті бастамалардың негізгі нұсқаушысы. Сондықтан педагогтердің қаржылық сауаттылық бойынша жаңа пәннің мәнін түсінуі және жастарды оқытуы маңызды.

– Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше назар аударды. Президент Үкіметпен бірлесіп бұл бастаманы жалпыұлттық жобаға айналдыруды және оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Бұл жұмысты ең алдымен мектеп пен ЖОО-дан бастау керек. Біздің Президентіміздің негізгі саясаты – реформаларды халық үшін және халықпен бірге жүргізу. Сондықтан біз, сіздерді, мұғалімдерді шақырып, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс істегіміз келеді, – деді ол.

Мәжіліс Спикері бүгінгі отандық білім беру жүйесі өскелең ұрпаққа ең қажетті білімді беріп, оларды қазіргі өмірге барынша дайындауы тиіс екенін ерекше атап өтті. Бұл алдыңғы қатарлы шетелдік елдердің тәжірибесі.

Ол сондай-ақ мемлекет халықтың қарыз жүктемесін азайту бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатқанын тілге тиек етті. Президенттің тапсырмасы бойынша Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясы халықтың несиелік жүктемесін азайтуға бағытталған жаңа заң жобасын әзірледі. Бұл заң бірінші кезекте азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған.

Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, 2024 жылы қаржылық сауаттылықты 100 мың студент және 450 мың оқушы оқиды. Қосымша 200 мың адам оқыту курстарынан өтеді. Осылайша, биыл «Қарызсыз қоғам» жобасымен 750 мың адам қамтылады.

710 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз