- Аймақ тынысы
- 18 Шілде, 2024
Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы сотталды

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды.
Ол бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасырғаны және жұмыстан босатпағаны үшін осы бөлімнің бас бухгалтерінен 280 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ж. Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Алдын алу шаралары аясында тыңдаулар сотталған ұжымның қатысуымен өтті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

906 рет
көрсетілді0
пікір