- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 18 Шілде, 2024
Құмар ойынға тәуелді азаматтар МӘМС бойынша тегін оңалтудан өтеді

Құмар ойынға тәуелді азаматтар МӘМС бойынша тегін оңалтудан өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты.
Сөзінше әр адамның емделу уақыты әртүрлі болады, орталықтарда азаматтардың лудоманияға шалдығу жағдайына қарай психикалық ем көрсетілмек.
Оңалтудан өтетіндер саны 300 адамға дейін артады деп күтілуде. Қазіргі уақытта небары 14 адам ғана тегін көмекке жүгінген.
Сонымен бірге Үкімет жыл сайын кем дегенде 7 мың онлайн казино мен букмекерлік сайттарды бұғаттап отырмақ.
Фото: ашық дереккөзі

440 рет
көрсетілді0
пікір