Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 19 Шілде, 2024

Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті

Анна Данилина Будапешттегі (Венгрия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті, деп жазады федерацияға сілтеме жасаған Olympic.kz. 

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4. 

Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

1103 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз