Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Шілде, 2024

Алматыдағы қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көліктегі қолма қол ақшасыз төлемнің түрлерін тізбектеді

VIII сайланған Алматы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы барысында депутаттар қаланың қоғамдық көлігінде жол жүрудің 120 теңгелік жаңа тарифін мақұлдады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жаңа тариф енгізе отырып, жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді алып тастаудың жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл шара тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, себебі автобус жүргізушісі ақша жинауға алаңдамай көлік құралын басқарады.

Фото: almaty_akimdigi

424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз