- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 19 Шілде, 2024
Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына түсті

“Іс аса құпия санатқа жатады” деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.
29 cәуірде Қаңтар оқиғасынан кейін ішкі істер министрі қызметінен босаған Ерлан Тұрғымбаев "билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталған. Бас прокуратура қылмыстық істе мемлекеттік құпиялар болғандықтан, басқа деректер жарияланбайтынын айтты.
Тұрғымбаев – Қаңтар оқиғасына байланысты күдікке ілінген екінші министр. Бұған дейін қорғаныс министрі болған Мұрат Бектанов "қызметін асыра пайдаланды" деп 12 жылға сотталған.
Фото: ашық дереккөзі

360 рет
көрсетілді0
пікір